"Денсаулық және табыс" клубының
«Қолдау» қаржылай көмек бағдарламасы
БАҒДАРЛАМА МАҚСАТЫ:
      Осал топтағы мұқтаж жандарға кеңес беру және нақты қаржылай көмек көрсету арқылы қатысушыларға әлеуметтік, қаржылық және
ақпараттық қолдау көрсету. Сонымен қатар, қоғамдастықтың негізгі құндылықтарын — денсаулықты, табысты және өзара қолдауды нығайту.
⚙ БАҒДАРЛАМА ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
      • Қаржылай көмек клубтың ортақ қаражаты есебінен көрсетіледі.
      • Бағдарлама клуб мүшелері мен қатысушылардың белсенділігіне негізделген.
      • Көмек мөлшері мен кезектілігі әділ әрі ашық тәртіппен, арнайы жүйелік алгоритм арқылы анықталады.
      • Қаржылай қолдау автоматты түрде кезекпен және клуб мүшесінің белсенділігіне қарай беріледі.
💰 ҚАРАЖАТ КӨЗДЕРІ:
      • Қаржылай қолдау және кеңестер беру орталығының қаражаттары
      • Клубтың Интернет-дүкенінен тауарлар мен табиғи өнімдерді сатудан түскен түсімдер
      • Жарнамалардан түсетін кірістер
      • Клуб мүшелерінің мүшелік жарналары
      • Жеке тұлғалар мен демеушілердің үлестері
      • «InterPlay» тұтыну кооперативінің кірістері мен мүшелік жарналары
      • Қайырымдылық қорларының қаражаттары
❗ Маңызды:
      • Бағдарлама коммерциялық немесе инвестициялық мақсатты көздемейді.
      • Негізгі құндылығы — адамға деген жанашырлық пен қолдау.
      • Қатысушылардың белсенділігі арқасында клуб ұсынатын басқа да бағдарламаларға (мысалы, пайызсыз қарыз алу немесе «Өзара іс-әрекет» табыс бағдарламаларына) тегін қатысу мүмкіндігі бар.
БАҒДАРЛАМАҒА КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ?
      • Зейнеткерлер, студенттер және кез келген жеке тұлғалар;
      • Кәсіпкерлер, емшілер;
      • Психологтар, блогерлер;
      • Қоғамдық және діни бірлестіктер;
      • Сауда орындары;
      • Желілік (MLM) компаниялар мен қайырымдылық қорлары;
      • Әр түрлі сала мамаңдары мен белсенді азаматтар.
💎 Қатысушыларға ұсынылатын мүмкіндіктер:
     💊 Денсаулық - табиғи өнімдермен емделу, шипажайларда тегін сауықтыру
     🛒 Интернет-дүкен - жеңілдікпен табиғи өнімдер мен тауарлар алу
     🏡 Баспана жалдау мен комуналдық төлемдері - қаржылай көмек
     🎓  Студенттерге - оқу ақысын төлеуге көмек
     ✈ Саяхат - шетелге тегін жолдама (немесе қажылыққа)
     🏡 Баспана немесе автокөлікке - алғашқы жарнаға көмек
     💰  Қарыз ақша - пайызсыз ұзақ мерзімге бөліп төлеу мүмкіндігі
     🛡  Рухани қорғаныс - тіл-көз, сиқыр, қарғыстан және дуадан сақтану және тазалану жолдары
     📚 Тегін кеңестер - заңгерлік, психологиялық және мемлекеттен берілетін жеңілдіктер мен көмекті түсіндіру
     ✅ Жарнама - клуб мүшелері өз қызыметтері мен өнімдерін жарнамалай алады
     💸 Қаржылық қолдау - мұқтаж жандарға көмектесіп, қаржылық қолдау алу мүмкіндігі
     💚 Әлеуметтік бағдарлама - әлеуметтік осал топтарға нақты көмек көрсету
     ✅ "Бірігу" - басқа компаниялардың халыққа пайдасы бар және қаржылай табыс беретін бағдарламаларына қатысуға көмек
     толығырақ...
💠 «БАСТАУ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Сенім арқылы тұрақты даму мен нақты нәтижеге жету.
      «Бастау» — МЛМ бизнесті түсінбей, Пирамида деген күмәннен арыла алмай, компаниялармен жұмыс істеуге сенімсіздікпен қарайтын адамдарға арналған «Денсаулық және табыс» клубының арнайы түсіндіру және әлеуметтік бағыттағы бағдарламасы.
      Бағдарлама адамдарға қысымсыз, уәдесіз және тәуекелсіз түрде мүмкіндіктерді түсінуге, өзіне сенуге және дамуға көмектеседі.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ
      Кеңес беру мен қолдау арқылы адамдардың өзіне деген сенімін арттыру,
ал сенім арқылы табысты болып, тұрақты даму мен нәтижеге жету.
БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:
      • клубта ұсынылатын мүмкіндіктермен толық танысады;
      • адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуды үйренеді;
      • өзіне сенімді түрде қосымша табыс жолдарын қарастыра алады;
      • жеке дамуға, бизнес ойлау жүйесіне алғашқы қадам жасайды;
      • өзіне және айналасындағы жандарға нақты көмек көрсетуді үйренеді.
БАҒДАРЛАМАҒА ҚОСЫЛУ:
      • Бағдарламаға қосылу үшін клубтың интернет-дүкенінен ұсынылатын табиғи емдік өнімдердің бірін кемінде 1900 теңгеге сатып алу жеткілікті.
      • Мүмкіндігі шектеулі және көмекке аса мұқтаж жандар клубтың қаражаты есебінен немесе клуб мүшелерніің қолдауымен тегін қатыстырылады.
      • Бағдарламаға қайырымдылық жасау арқылы қатысуға болады.
ҚАТЫСУШЫ МҮМКІНДІКТЕРІ:
      • Табиғи емдік өнімдер мен осы бағдарлама туралы ақпарат таратып, адамдардың табиғи өнім алуына, бағдарламаға қосылуына себепкер болады.
      • Табиғи өнім алуға өзі себепкер болған 3 адамы бағдарламаға қосылған жағдайда, қатысушыға бонус ретінде табиғи өнімнің бірі сыйлыққа беріліп, өзі «Әлеуметтік» бағдарламаға қатысу мүмкіндігін алады.
      • Қатысушы себепкер болған әр бір жаңа 3 адам өнім алып, бағдарламаға 3-ші, 7-ші, 11-ші ... 19-шы адамдар қосылған сайын, оған қосымша өнімдер сыйлыққа беріліп тұрады.
      • Осы өнімдер арқылы қатысушы көмекке мұқтаж адамдарды бағдарламаға тегін қатыстырып, нақты қолдау көрсетеді.
НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАТЫСУШЫ
      • Адамдармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатады
      • Нақты көмек көрсетудің жақсы үлгісін қалыптастырады
⚖️ ЕРЕКШЕЛІГІ
      Бағдарлама пирамида немесе желілік жүйе емес. Мұнда инвестиция, міндетті салым немесе табыс уәдесі жоқ.
      Негізгі бағыт — табиғи өнімдермен танысу, қарым-қатынас және әлеуметтік қолдау көрсету.
      «Бастау» — сенімнен басталады, қолдаумен жалғасады.
💠 «ӘЛЕУМЕТТІК» БАҒДАРЛАМА
Қамқорлық пен мейірімге мұқтаж осал топтарға арналған қолдау.
      Бағдарлама өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға нақты, әрі қолжетімді көмек көрсетуді мақсат етеді. Ол өзара көмек, қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген. Коммерциялық немесе инвестициялық мақсат көздемейді, басты құндылығы – адамға деген жанашырлық пен қолдау.
      Бағдарлама клубтың мүмкіндіктерін пайдалана отырып:
      • емделуге қайтарымсыз қаржылай көмек алуға;
      • қажеттіліктеріне пайызсыз қарыз ақша алуға;
      • қосымша табыс табуға нақты жағдай жасауға бағытталған.
     
🌿 ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕСІ:
      • Бағдарламаға қосылу үшін клубтың интернет-дүкенінен табиғи өнімдердің бірін 3800 теңгеге сатып алу жеткілікті.
      • Мүмкіндігі шектеулі және көмекке аса мұқтаж жандар клубтың қаражаты есебінен немесе мүшелердің қолдауымен тегін қатысады.
      • Бағдарламаға қайырымдылық жасау арқылы да қатысуға болады.
     
👤 ҚАТЫСУШЫНЫҢ РӨЛІ:
      • Табиғи емдік өнімдер туралы ақпарат таратып, адамдардың қаржылай көмек алуына себепкер болады.
      • Табиғи өнім алып, қаржылай көмек алуға өзі себепкер болған кемінде 3 адамы бағдарламаға қосылған жағыдайда, ол клуб мүшесі ретінде "Қолдау" жүйесіне қатысады.
      • Қатысушы себепкер болған әрбір 4-ші, 8-ші, 12-ші ... 20-шы адам бағдарламаға қосылған сайын, оған қосымша өнімдер сыйлыққа беріледі.
      • Осы өнімдер арқылы қатысушы көмекке мұқтаж адамдарды бағдарламаға тегін қатыстырып, нақты қолдау көрсетеді.
      ✨ Қолдау жүйесіне өткен белсенді клуб мүшесінің клубтық қаражат есебінен алатын басты мүмкіндіктері:
      1. "Әлеуметтік" бағдарламаны қолдауға және клуб мүмкіндіктерін айналмалы тәсілмен үздіксіз пайдалану үшін «Реинвест» орынмен қамтамасыз етіледі.
      2. Кепілсіз әрі пайызсыз “Қарыз ақша алу” немесе “Өзара іс-әрекет” бағдарламаларының бірін таңдап қатыса алады.
      3. Клубтың басқа компаниялармен жасалған келісімдері аясында халыққа пайдалы өнімдер мен қосымша табыс әкелетін бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
      ✨ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІК:
      Бағдарламада басты назар қайырымдылыққа, қоғамға нақты көмек көрсетуге және әлеуметтік жауапкершілікке аударылады.
      Бұл жоба қаржылық пирамидаларға жатпайды, себебі қатысушылардың негізгі мақсаты – табиғи өнімдер арқылы денсаулықты нығайту және мұқтаж жандарға шынайы қолдау көрсету.
💫 "ҚОЛДАУ" ҚАРЖЫЛЫҚ КӨМЕК ЖҮЙЕСІ
Ұстаным:
      Қаржылық пирамидаға жол берілмейді. Қаржылай қатынастар тек клубтың қаражаттары есебінен жүргізіледі.
Қаржылай көмекке жұмсалатын қаражат көздері:
      • Қаржылай қолдау және кеңестер беру орталығының қаражаттары;
      • Жарнамалардан түсетін кірістер;
      • Жеке тұлғалардың және демеушілердің үлестері;
      • Клуб мүшелік жарналары;
      • «InterPlay» тұтыну кооперативінің жарналары;
      • Қайырымдылық қорларының қаражаттарынан;
      • Клубтың интернет-дүкенінен тауарлар мен табиғи өнімдерді сатудан түсетін табыс;
      • Ағзаны тазарту, емделу курстарынан түсетін түсімдер.
⚙ «ҚОЛДАУ» жүйесі қалай жұмыс істейді?
      Клуб мүшелері өз айналасында көмекке мұқтаж бір адамға көмек алуына себепкер болып, «Әлеуметтік» бағдарламаға қолдау жасайды.
🌿 ҚАТЫСУ ШАРТЫ
     Жүйеге қосылу үшін:
     🔹 Клубтың интернет-дүкенінен табиғи өнімдерден немесе тұрмыстық заттардан 15 800 теңгеге сатып алу жеткілікті немесе Бағдарламаға қайырымдылық жасау арқылы қатысуға болады.
     Бұл сомаға мыналар кіреді:
      • Клуб мүшесі болу үшін интернет-дүкенінен кемінде 11900 теңгеге сатып алған өнімінің бағасы
      • 3 800 тг — «Әлеуметтік» бағдарламаға қосылған, көмекке мұқтаж адамына сыйлыққа берілетін табиғи өнімнің бағасы
      🎁 КЛУБ МҮШЕСІНЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙЛЫҚТАР МЕН БОНУСТАР
      ✅ Клубтың интернет-дүкеніне 50%-ға дейін жеңілдік
      ✅ Жүйеге қатысуға төлеген қаражат кэшбэк ретінде қайтарылады
(Кэшбэк интернет-дүкен тауарларын сатып алу кезінде қолданылады)
      ✅ Белсенді мүшелерге басқа компаниялардың өнімдерін алып, қосымша табыс табуға арналған бағдарламаларға қатысу үшін 500 000 теңгеге дейін арнайы қаражат бөлінеді
      ✅ «Әлеуметтік» бағдарламаны қолдау және жүйені үздіксіз пайдалану үшін «Реинвест» орынмен қамтамасыз етіледі
      ✅ Жүйе арқылы қайтарымсыз қаржылай көмек алу мүмкіндігі
      ✅ Белсенді мүшелер кепілсіз және пайызсыз «Қарыз ақша алу»
немесе «Өзара іс-әрекет» арқылы қаржылай табыс табу бағдарламаларының біріне таңдау жасап, клуб қаражаты есебінен тегін қатысады.
      💸 ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕКТІ ҮЛЕСТІРУ ТӘРТІБІ
      Клуб мүшелерінің барлығына бір мезетте қаржылай көмек беру мүмкін болмағандықтан, көмек алу кезегін әділ және ашық түрде анықтауға, сондай-ақ мүшелердің белсенділігін бағалау мақсатында компьютерлік инновациялық есептеу негізінде автоматтандырылған ұпайлық жүйе енгізілді:
      • Бағдарламаға қатысу (15 800 тг) – 3 ұпай
(Әр тоқсан сайын 11 900теңгеге әлеуметтік көмек немесе интернет-дүкенінен тауар алу – 2 ұпай)
      • Белсенді клуб мүшесі
(3 адамның көмек қаражатын алуына себепкер болғаны үшін) – 5 ұпай
      • 4-ші клуб мүшесіне бастап, көмек қаражатын алуына себепкер болған әр адам үшін – 2 ұпай
      • Қайырымдылық белсенділігі үшін – 3 ұпай
      • Мүмкіндігі шектеулі клуб мүшесіне – 2 ұпай
      • Көп балалы отбасыларға – 2 ұпай
      • Ауылдық жердегі клуб мүшелеріне – 2 ұпай
      • Зейнеткерлерге – 2 ұпай
      • Клубты насихаттау – 3 ұпай
      • “Бастау” бағдарламасын қолдау – 1 ұпай
      • “Әлеуметтік” бағдарламаны қолдау – 2 ұпай
      • Клубтың интернет-дүкенін пайдаланғаны үшін – 1 ұпай
(әр 3-5 000 теңгеге өнім алғаны немесе сатқаны үшін)
      • Кооператив мүшелік жарнасы үшін – 5 ұпай
      • Кооперативтің кіріс жарнасын төлеу – 40 ұпай
      Егер екі немесе одан да көп клуб мүшелері бірдей ұпай жинаған жағдайда, клубқа уақыты бойынша бірінші тіркелген клуб мүшесіне басымдылық беріледі.
      КЛУБ МҮШЕСІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ
      • «Қолдау» жүйесін және клубтың интернет-дүкеннің табиғи емдік өнімдері мен тұрмыстық заттары туралы ақпарат таратып, адамдардың өнімдер алып, жүйеге қосылып қаржылай көмек алуына себепкер болады.
      • Табиғи өнімдер алуға өзі себепкер болған 3 адамы көмек қаражатын алуға жүйеге қосылған жағдайда, ол белсенді клуб мүшесі дәрежесіне ие болып, «Қолдау» жүйесінің және клуб мүмкіндіктерін толық пайдаланады.
      💰 ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК МӨЛШЕРІ
      🔸 Клуб мүшесінің белсенділігіне қарай 30 000 теңгеден 1 000 000 тг аралығында қайтарымсыз қаржылай көмек қарастырылған.
      🎁 МАҚСАТТЫ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУЛАР
      Белсенді клуб мүшелеріне арнайы бағыттар бойынша қаржылай қолдау қарастырылған:
      🏥 Шипажайда емделуге – 300 000 теңгеге дейін
      ✈ Шетелге саяхат немесе қажылыққа – 900 000 теңгеге дейін
      🔹 Бір-бірімізді қолдап, қаржылай көмекке бірге қол жеткізейік!
“Әлеуметтік” бағдарламаға қатысушылар мен клуб мүшелеріне ұсынылатын табиғи өнімдер мен тұрмыстық тауарлар, сондай-ақ ағзаны тазартып, көптеген аурулардың алдын алуға бағытталған бастапқы тазарту курсы:
|
|
Садақа – күнәларды кетіреді, жақсылық – өмірді ұзартады, ал қайырымдылық - жолыңды ашады!
Қаржылық тұрақтылық пен рухани дамуға, денсаулығыңыз үшін - клубқа мүше болып, барлық мүмкіндіктерді пайдаланыңыз!
🚚 ӨНІМДЕР ҚАЗПОШТА АРҚЫЛЫ ЖЕТКІЗІЛЕДІ:
40 000 теңгеге дейінгі тапсырыстар:• Жеткізу құны: 2 000 теңге
40 000 теңгеден жоғары тапсырыс берсеңіз
• Жеткізу тегін
  Реквизит пен Контактілер
| Телефон: | +7 702 789 98 62 / консультация;
+7 776 149 96 69 / фин. бөлім; +7 747 673 84 24 / тех. бөлім; |
| Электрондық пошта: | admin@zib-club.ru |