🌿 ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҒЗАНЫ ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ КУРС
Қауымдастық мүшелеріне табиғи өнімдерді пайдалана отырып, денсаулықты нығайтуға, иммунитетті көтеруге және көптеген аурулардың алдын алуға бағытталған ағзаны тазартудың арнайы курсы ұсынылады (қатысу ерікті, курстан өту міндетті емес).
ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУДЫ БҮГІННЕН БАСТАҢЫЗ!Денсаулықты сақтау тек белгілі бір өнімді қолданумен шектелмейді. Ол дұрыс тамақтануды, жеткілікті су ішуді, күнделікті қозғалысты, сапалы ұйқыны және зиянды әдеттерден бас тартуды қамтиды.
«Денсаулық, Қайырымдылық, Өзаракөмек» қауымдастығының мүшелеріне салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дұрыс тамақтану әдеттерін дамытуға және денсаулыққа саналы түрде көңіл бөлуге сауықтыру ретінде ағзаны тазарту курсы ұсынылып отыр.
💚 Арнайы ұсыныс
💡 Неліктен ағзаны тазарту қажет?
Бұлардың барлығы ағзада зиянды заттардың (токсиндер мен шлактардың) жиналуының белгісі болуы мүмкін.
🌱 Ағзаны тазарту не береді?
- Метаболизмді баяулататын зиянды заттардан арылтады;
- Иммунитетті нығайтады, энергияны арттырады;
- Денені жеңілдетіп, ұйқы мен көңіл күйді жақсартады;
- Созылмалы аурулардан айығуға және тез сауығуға көмектеседі;
- Дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтына көшуге жол ашады.
💧 Тазалау процесі неден басталады?
Ағзаны тазарту бағдарламасы ішекті тазартудан басталады. Күніне жеткілікті мөлшерде жылы су ішу — ағзаны тазартудың ең басты шарты.
250–500 мл жылы сутегі (H₂) суын немесе шунгит суын ішуді әдетке айналдырыңыз.
1–1,5 литрден бастап, біртіндеп өз салмағыңызға сәйкес мөлшерге жеткізіңіз (1 кг = 30 мл).
🌿 Бастапқы курсқа ұсынылатын өнімдер
Магний сульфаты
- 200 мл қайнаған суға (бөлме температурасында) 20–25 г магний сульфатын ерітіп, таңертең сағат 5–7 аралығында ашқарынға ішіңіз.
- Ерітіндіні қабылдаған соң, бір стақан суға 2 ас қасық лимон шырынын қосып ішіңіз.
- Ерітіндіні ішкеннен кейінгі бірінші сағатта әр 20 минут сайын бір стақан жылы су ішу ұсынылады.
- Күні бойы көп мөлшерде сұйықтық ішіңіз: таза су, лимон суы, итмұрын тұнбасы.
- 3 сағаттан кейін жеңіл таңғы ас ішуге болады.